ATAkenT pro & Didi records
Қаршадай Ханшайым (2017)
Мәтіні: Бакен
Әні: Данияр Рахметжанов (Диди)
Орындаушылар: Бакен & Диди
Жаратқан Ием, оны екі дүниеде бақытты құлдарыңнан болуын нәсіп ет! Оған қандай сынақ жіберсең де оны хақ жолыңнан адастырма!
Қаршадай Ханшайым, түсірме еңсеңді!
Мықтылар қайғырмайды, күліп жүр белсенді!
Құрметтесін ел сені көтеріп биікке!
Әке тек жақсылық тілейді шын ниетпен.
Ішім толып күйікке, шығады шумақтар...
Қаршадай Ханшайым, қадам бас тек жұмаққа!
Сабыр ет сынаққа!
Неге көзден жас тамады?
Әке сенімен бірге. Әке сені тастамады.
Болайық деп баспаналы, әке жүр талпынып,
Сол себепті уақытша бөлек тұрамыз, алтыным.
Сені ойлап, алқынып ауырады жүрегім,
Көз алдымда маған бауыр басып жүр едің...
Жаратқаннан тіледім сен дүниеге келерде:
"Қызымды құтқар, оған сынақ жіберсең егер де!"
Әке сені бекерге Әминә деп атамады,
Болсын деп атады сені шыншылдардың атаманы.
***
Қарша қыз, мұңайма!
Жаратушы сынайды...
Өкінбе мұндайда!
Қуаттылар сынбайды...
Күлерміз әлі де ұмытып өткенді.
Уақыт деген емші,
Өтіп кетер мұң, қайғы.
Қарша қыз, мұңайма!
Жаратушы сынайды...
Өкінбе мұндайда!
Қуаттылар сынбайды...
Күлерміз әлі де ұмытып өткенді.
Уақыт деген емші,
Өтіп кетер мұң, қайғы.
Уақыт деген емші...
Уақыт деген емші...
***
Қарша қыз, маманы кінәлайсың несіне?
Жағдай жасамаған әке кінәлі, есімде...
Екі жыл мерзімде бола алмадық баспаналы,
Дүниеге алданып, мама сүйіп қалды жас баланы.
Сезімді мен ластамадым... Сеніп едім мамаға...
Таршылықта айналды жанұямыз драмаға...
Әкеден қымбат болды мамаға Сымбат,
Соған сенді жалған уәде, жалған сандырағын тыңдап...
Әке жылады шындап сені қия алмай,
Ауырды күйзеліп, есін жия алмай.
Жүрекке ұялайды уайым...
Тілеймін: "Қызыма Қамқор бол Құдайым!"
Көзім жылауға дайын сен есіме түскенде,
Білмеймін, кімге өкпейлесің бойжетіп өскенде?
Тек әкемен көріскенде жыламашы өтінемін!
Қаршадай Ханшайым, жыламашы өтінемін!
***
Қарша қыз, мұңайма!
Жаратушы сынайды...
Өкінбе мұндайда!
Қуаттылар сынбайды...
Күлерміз әлі де ұмытып өткенді.
Уақыт деген емші,
Өтіп кетер мұң, қайғы.
Қарша қыз, мұңайма!
Жаратушы сынайды...
Өкінбе мұндайда!
Қуаттылар сынбайды...
Күлерміз әлі де ұмытып өткенді.
Уақыт деген емші,
Өтіп кетер мұң, қайғы.
Уақыт деген емші...
Қаршадай Ханшайым!!!
Уақыт деген емші...
Қаршадай Ханшайым!!!
***
Қарша қыз, мұңайма!
Жаратушы сынайды...
Өкінбе мұндайда!
Қуаттылар сынбайды...
Күлерміз әлі де ұмытып өткенді.
Уақыт деген емші,
Өтіп кетер мұң, қайғы.
Қарша қыз, мұңайма!
Жаратушы сынайды...
Өкінбе мұндайда!
Қуаттылар сынбайды...
Күлерміз әлі де ұмытып өткенді.
Уақыт деген емші,
Өтіп кетер мұң, қайғы.
Уақыт деген емші...
Қаршадай Ханшайым!!!
Уақыт деген емші...